Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

5t5Таңқаларлық Монсанто ауылы Португалия тауларының етегінде орналасқан көркем көріністің Отаны саналады. Сөзіміздің растығын алып қойтастар мен тар көшелердің арасында орналасқан мына бір үйшіктер дәлелдей алады. Ғажап емес пе? Құдды тастан қашап, кесіп жасағандай көрінеді.

Ауылдың сыртқы көрінісі бірнеше ғасырлар бойы өзгермей келеді. 1938 жылы Ұлттық байқау нәтижесінде Монсантоға «Португалияның ең португалиялық ауылы» деген атақ берілді. Содан бері бұл ауылға үкімет тарапынан «тірі мұражай» ретінде қамқорлық танытылып, құрмет көрсетілуде.

Аталған жерге қоғамдық көлікпен жету өте қиын, бірақ ауыл атмосферасы мұндай қиын саяхатқа тұрарлықтай екендігіне кепілдік бере аламыз.

Қандай қиындық дейсіз бе? Бұл жерге тік ұшақ та, пойыз да қатынамайды, ауылға жетудің бірден-бір жолы – автокөлікті жалға алу. Келесі бір кедергі – ауылда ешқандай қонақ үй жоқ болғандықтан, саяхат барысында автокөлікке қонуға тура келеді. Десе де, ауыл тұрғындары өз үйлерінен бірлі-екілі бөлмелерді туристерге жалға береді. Бағыңыз жанып, бос орын таба алсаңыз, түніңізді естен кетпестей етіп өткізуге болады.

Тағы бір қызығы, Мосанто ауылы жоспарлы түрде ұйымдастырылмаған екен. О баста Mons Santus аталатын қамалға жолда төселген граниттердің кесірінен жету өте қиын жұмыс болатын. Бұл жерге үй соғу дегеннің өзі ойлауға болмайтын жоспар еді. Бірақ жоғарыда аталған қамалға жету үшін осындай тастар орнатылады да, кейіннен бұл тастар үй соғу жұмыстарына қатыстырылып, едәуір халық мекендейтін ауылға айналып шыға келеді.

Монсанто ауылы – Еуропаның ең көрікті әрі туристердің жоғарғы сұранысына ие туристік мекендерінің көшін бастап тұр. Жазғы демалысыңызды сыры мен қыры мол қалада өткізуге ештеңе кедергі келтірмейді. Бастысы – мұнда тыныштық, тазалық, жайлылық бар.

 Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz

Рубрика: