Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ццАстана. 28 мамыр. Baq.kz Бүгін Астанада Ұлттық академиялық кітапханада елімізде 31 мамырда аталып өтілетін Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты еске алу кеші өтті 

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті саясаткерлер мен ғалымдар, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Олардың ішінде ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың немересі — Перизат Сәдуақас, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Рахымжан Тұрысбек, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, зерттеуші Амантай Кәкен, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Түрік академиясының маманы Кемеңгер Қайырбек және басқалар бар. Жылы достық қарым-қатынаста өрбіген еске алу кешінде сол бір зұлмат жылдар туралы естеліктер айтылды. Іс-шараның модераторы белгілі ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы. Сондай-ақ, іс-шара аясында кітапханада «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» деректі кітап көрмесі ұйымдастырылды. «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандары мен тоталитаризм мұражай-мемориалдық кешенінің мамандары Алжир тұтқындары жөнінде құжаттар мен фотографияларды, олардың жеке заттарын ұсынды.

«Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» кітап көрмесі жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен адамдар мен олардың балалары туралы сыр шертеді.

Astana.kz

Рубрика: