АЛТЫНОРДА
Новости

Тарихи деректер интернетте қолжетімді болады

АСТАНА. 17 ақпан. BAQ.KZ – Ертең Алматыда Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Қазақстан тарихы» порталы: ғылыми және білім беру веб-контентін жүйелеудің тұжырымдамасы және тәжірибесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Семинарға ҚР Ұлттық тарих институты және Қазақстанның жоғары оқу орындарының тарих кафедралары, сондай-ақ ҚР БҒМ, портал редакциясы мен әзірлеуші — «ҚазнетМедиа» ЖШС, «Қазконтент» АҚ өкілдері қатысады. Семинардың негізгі мақсаты интернет ресурстарда тарихи материалдарға қолжетімділікті арттыру болып табылады.

http://baq.kz/kk/material/432