Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Тағы бір тылсым табиғат сырын біле жүріңіз. 

Хош иісті өзен

Анголада Ленада деп аталатын ұзындығы 6 шақырым ғана тұратын кішкене өзен бар. Өзен астындағы өсімдіктер хош иісті гүл ашатындықтан, өзеннен аңқыған иіс алыстағы жан иесін бірден баурайды.

Тәтті өзен

Грецияның солтүстігінде Ормака деп аталатын өзен бар. Өзен суының тәттілігі әдеттегі қанттың тәттілігімен мөлшерлес.

Қышқыл өзен

Колумбияның шығысында Леоуирал деп аталатын өзен бар. Өзен суының құрамында күкірт қышқылы мен тұз қышқылы басым болғандықтан, байқамай ішкен адамның ішкі құрылысы езіліп, табанда жан үзеді.

Сия өзен

Алжирде орналасқан бұл өзеннің суын қалам сиясы ретінде пайдалануға болады. Негізінде бұл өзен екі тармақ өзеннің қосылуынан қалыптасқан. Бір тармағының құрамында темір және қорғасын тотығы, енді бір тармағының құрамында сия жаңғақ қышқылы болғандықтан, екі тармақ қосылған соң табиғи химиялық өзгеріс туындайды.

Музыкалы өзен

Венесуэланың шығысында орналасқан бұл өзен күндіз-түні әртүрлі музыка ырғағымен адамды баурайды. Өзен суы кейде екпіндеп, кейде сабасына түсіп, жартастарды соққылап жататындықтан, одан қым-қуыт музыка үні естіліп тұрғандай әсер етеді.

Алуан түсті өзен

Еуропадағы Дунай өзенін жұрт таңғажайып өзен деп бағалайды. Адамдар өзен суының бір жылда 8 түрлі түске енегенін тамашалай алады.

Дайындаған: Алшын Матай

http://massaget.kz

 

Рубрика: