Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Баршаңызды Отан қорғау­шылар күнімен және Ұлы Же­ңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақ­стандықтың жүрегінен орын алатын бұл мерекелер – шы­найы қаһармандықтың, отан­сүйгіштіктің мейрамы.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болған қазақтың қаһарман ұлы Талғат Бигелдинов туралы түсірілген «Подняться в воздух!» атты деректі фильмнің тұсаукесеріне қатысып, ардагерлердi алда келе жатқан Жеңiс күнi мерекесімен құттықтады.

– Баршаңызды Отан қорғау­шылар күнімен және Ұлы Же­ңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір қазақ­стандықтың жүрегінен орын алатын бұл мерекелер – шы­найы қаһармандықтың, отан­сүйгіштіктің мейрамы. Осы күндерді мерекелеу арқылы, біз, аспанымыздың ашық, заманы­мыздың тыныш болуы үшін жан аямай күрескен сіз­дерге, біздің ардагерлерге зор ал­ғысымыз­ды білдіреміз, – дедi ол.

Сценарийін Мәдениет қай­раткері Лаврентий Сон жазған фильмде Ерген Тоқмырзин қою­шы режиссердің қызметін атқарса, бас кейіпкердің жас­тық шағын жас актер Әзімхан Ах­мет ойнады. Фильм 9-мамыр күні сағат 13:10-да «Астана» және са­ғат 17:15-те «Хабар» телеарналары­нан көрсетіледі.

Т.Бигелдиновтің өзі түскен және бұрын көпшілік көрмеген сирек кадрлар қолданылған туындының көрерменге жол тартуына «Нұр Отан» партиясы мен «Алтын қыран» қайырым­дылық қоры және «Генералдар ке­ңесі» республикалық қоғам­дық бірлестігі ұйытқы болған.

Бұл туралы «Генералдар ке­ңесі» РҚБ Президиумының төр­ағасы, әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров бы­лай деді: «Фильмді түсіруге ге­нералдың өзі жазған кітабын­дағы деректерді қолдандық. Ки­ноны Алматыдағы әскери инс­титут­тың курсанттары мен ұстаздары­ның көмегімен түсірдік.

Деректі фильмде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау бе­кінісін барлау мен шабуылдау үшін әскери тапсырмамен 305 рет әуеге көтерілген Талғат Би­гелдиновтың шынайы өмірі баяндалады. Фильм авторлары әуедегі ұрыс қимылдарының кейбірін компьютерлік анима­ция мен қойылымдық түсірілім арқылы жасап шығарды».

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысына қа­­тыс­қан генералдар С.Нұрмағамбе­тов пен Ә.Бол­самбеков туралы фильмдер көрерменмен қауыш­қан. Бо­лашақта Жеңістің 70 жылды­ғы­на орай Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағын алған әр­бір қазақстан­дық туралы 3-5 ми­нуттық ша­ғын деректі фильмдер түсіріледі.

– Талғат Бигелдинов тура­лы фильм 1 жылға жуық түсі­рілді. Туынды Ұлы Отан соғы­сы жылдары ел қорғауға шақы­рылған 19 жастағы жігіттің тағ­дыры жан-жақты суреттелді. 1942-1945 жылдары соғыс отын кешкен кейіпкердің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмай­ды. Қыр баласы фашистер «Ұш­қыш танк» деп атап кеткен өзі­нің «ИЛ-2» ұшағымен алғашқылар­дың бірі болып Берлинді, Кав­каз бен Украинаны азат еткен бола­тын, – деді журналистерге Р.Қайдаров.

Қанат МАХАМБЕТ, Астана

http://www.aikyn.kz/news/view/48565

Рубрика: