АЛТЫНОРДА
Новости

Талдықорғанда жер сілкінді

Y3fJ4invXjNIБілім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 6:54-те жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 227 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7, магнитудасы — MPV 5.3 болды. Жер сілкінісі ошағының координаттары — 44.70° солтүстік ендік, 78.83° шығыс бойлық. Тереңдігі 15 шақырым.
Талдықорғанда қуаты 2-3 балл жерасты дүмпуі сезілді.

Жолдасбек Дуанабай

http://aikyn.kz/