Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

6a26e80247ab977c4e90550763ebcaf6Облыс орталығында жыл сайын 22 қыркүйекте аталып өтетін Қазақстан халқының тілдері күніне орай қалалық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық сілтеме жасай отырып.

«Тілдер байқауы біздің көпұлтты мемлекетімізде өзіндік бір дәстүрге айналды. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін айшықтайтын байқау аясында өнер жұлдыздарының концерті, тіл біліміне қатысты конкурстар, дөңгелек үстелдер және ғылыми конференциялар өткізіледі», — дейді әкімшілік қызметкерлері.

Қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, облыс орталығында тіл саясатын регламенттеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Ол 4 негізгі бағытты құрайды: рейдтік тексерістер, тілдерді қолдану аясында ҚР заңнама ережелерін түсіндіретін мақалалар, 100% мемлекеттік тілге көшіп қойған іс-қағаздар аудармасы және қазақ тілінде өткізілетін әртүрлі іс-шаралар мен байқаулардың өтуін жүзеге асыратын жастар саясаты.

Байқау соңында мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер мен тәрбиешілердің басым бөлігі қазақ тілін меңгеруде жеткен жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталды.


 

http://www.bnews.kz/kk/news/post/160679/

Рубрика: