Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Талдықорған. 14 қаңтар. Baq.kz — Енді Талдықорған қаласының өз Тәж Махалы бар. Жетісулық 21 жастағы Айбек Бауыржанұлы әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын ерекше кесенені кәдімгі сіріңке шиінен құрастырып шықты. Төрт жыл бұрын қолға алынған жұмысты аяқтағанына да санаулы күн болды

Болашақта сәулетші болуды арман еткен Айбек оқуға түсерде кесене құрастыруды шығармашылық жұмысы ретінде бастайды. Алайда, кейбір себептермен басқа мамандықта оқиды. Десе де, жас шебер бастаған жұмысын аяқсыз қалдырмауға тәуекел етеді. Төрт жыл уақытын сарп еткен әйгілі «Тәж Махал» кесенесінің нобайын жасау үшін 77 700 сіріңке талы кеткен.

Айбек Бауыржанұлы, Талдықорған қаласының тұрғыны:
— Күмбездің өзіне бір жылдай уақыт кеткен шығар. Шар үрлеп, оның сыртына жапсырдым. Бір жол ши жапсырғаннан кейін кепкенін күту керек. Екінші шиді үстінен тағы жапсырдым. Сондықтан, ұзақ уақыт алды.

Ғимарат нобайын шебер ғаламтордағы мәліметтер мен фотосуреттерді пайдаланып келтірді. Жалпы, Айбектің ұсталыққа ынтасы бар екенін ата-анасы мектепте оқып жүргенде білген. Ол ең алғашқы қолөнер бұйымын бастауыш сыныпта жасаған.

Бауыржан Нұрбатыров, Шебердің әкесі:
— 1-ші кластан 3-ші сыныпқа шейін сурет салды. 3-ші сыныптан кейін ағашты күйдіріп салатын болды. Жасаған жұмысы тиянақты. Осы баламыздан үміт күтеміз.

Биіктігі 85 см, ауданы 1,2 шаршы метр болған бұл жұмысын Айбек саудаға шығарды. Суреттерін ғаламторға жариялады. Түскен қаражатқа бала кезінде ең басты арманы болған сәулетші мамандығын оқымақ .

http://baq.kz/kk/news/42059

Рубрика: