Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Кино саласында жүрген, талантымен, бағымен біраз белестерді бағындырған мамандар арасында «Оскарға» бір қол жеткізсем-ау дейтіндер аз емес. Алайда, киноакадемия мүшелерінің таңдауы біраз белгілі тұлғаны айналып өтіп жатады. Киностан оқырмандар назарына осы уақытқа дейін «Оскар» алмаған, алайда қалың көпшілікке есімдері жақсы таныс актерлар мен актрисаларға жасалған шолуды ұсынады.

Актерлар

Брэд Питт

Бір емес, екі емес «Оскардан» бақандай төрт рет үміткер болған Брэдымыз осы. Сонау 1996 жылы «12 маймыл«, одан кейін 2008 жылы «Бенджамин Баттонның тылсым оқиғасы«, 2012 жылы «Монейбол» үшін (екі номинация) үздік бестіктің қатарынан табылған ару Анджелинаның жолдасы әлі күнге атақты статуэткасыз жүр. Бір кездері кинодан кетемін деп қиғылық салған актердың алатын жөні бар-ақ секілді.

Джонни Депп

Бір жыл ішінде 75 миллион АҚШ долларын тауып Гиннестің рекордтар кітабына енген актер да «Оскаралуда жолы болмағандардың» қатарында. 2003 жылы «Кариб теңізінің қарақшылары» үшін (ненің құрметіне десеңізші!), 2004 жылы «Сиқырлы ел» үшін (жеңетін-ақ еді, бәсеке жоғары болды), 2007 жылы «Суини Тодд: Флит көшесінің жын-шаштаразы» үшін «Оскардан» дәмелі болған Джонни Депп«Кариб теңізінен» шығып салмақты драмаға түсер деген үміттеміз.

Леонардо ДиКаприо

«Оскарды» жерден алып, жерге салатындардың алға тартатын бір себебі осы актер. Депп секілді атақты жүлдеден үш рет үміткер болған «Титаниктің» қаһарманы талай фильмге түсіп, талай көрерменнің көзіне жас үйірсе де бір жолы болмай-ақ қойды. 1993 жылы бар болғаны 19 жасында «Гилберт Грэйп нені уайым қылады» фильмі үшін «Оскарлы» бола жаздаған актер одан кейін тағы екі рет бестіктен бері қайтты («Авиатор«, 2004 және «Қанды алмас«, 2007)Толысып, кемеліне келіп, мықты рөлдерді бірінен кейін бірін экранға шығарып жатқан
Леонардо ДиКаприоға сәттілік тілемеске шара жоқ 🙂

Джим Керри

50-ден асқан Джим Керри әлі бір де бір рет «Оскарға» таласып көрмепті. Актердың өзі де талай рет осы бір жүлдеге қол жеткізгісі келетінін айтқан. Арманың орындалсын, комедия жанрының королі!

Гари Олдман

Тағы бір «Оскар» тылсымы. Гари Олдман керемет талантты актер, алайда сансыз туындынысының арасында бір ғана фильмі үшін киноакадемия жүлдесінен үміткер болған.

Джон Малкович

Иә, иә, атақты Малкович те екі рет үздік бестікке кіргеніне қарамастан «Оскарсыз» жүр. Оның өзі сонау 1985 және 1994 жылдары болған. «Малковичке Оскар!» қозғалысын құрудың уақыты келген секілді 🙂

Пирс Броснан

Бонд, Джеймс Бонд болып атағы шыққан Пирс Броснан да осы тізімге ілігіп отыр. Екі аптадан кейін алпысқа келетін актердың алар асуы әлі алда десек қалай болар екен…

Антонио Бандерас

«Алтын глобусты» алған алғашқы испан актеры болса да Антонио Бандерас әлі күнге «Оскарға» жете алмай келеді. Кеше ғана Зорро болып шауып жүрген актер, режиссер, продюсер, әнші осы жылы елудің үшеуіне келеді. Зымыраған өмір-ай…

Актрисалар

Джулианна Мур

Төрт рет «Оскар» салтанатты шарасында атым аталып қала ма деп отырған актриса төртеуінде де жүлдесіз қайтты. «Буги түндері» (1997), «Оқиға соңы» (1999), «Сағаттар» және «Жұмақтан жырақта» (2002) фильмдері Джулианна Мурға үлкен сахнадан сыйластарына рахмет айтуға мүмкіндік бермеді.

Сара Джессика Паркер

«Секс және қала» сериалындағы Кэрри Бредшоу рөлі үшін Сара Джессика Паркер төрт бірдей «Алтын глобус» алған, алайда әзірге «Оскарға» жете алатын түрі жоқ.

Хелена Бонем Картер

1998 жылы «Көгершіннің қанаты«, ал 2011 жылы «Король сөзі» фильмдері үшін «Оскардан» үміткер болған Хелена таланты мен танымалдылығына қарамастан әлі күнге осы тізімнің ар жақ-бер жағында жүр.Голливудтың ең салмақты, ең жоғары бағаланатын тұлғаларының қатарындағы актрисаға бір жүлденің бұйыруы әділетті-ақ болар еді.

Кэмерон Диаз

Кэмерон Диаздың комедиялық арсеналында «Оскарға» лайық фильм жоқ. Алайда, актрисаның лауреаттар сезінетін ықылас-қошеметті білгім келеді деп айтқаны бар-ды. Басқа жанрларды да қарап көрсе, болмас па екен!?

Дженнифер Энистон

Лауреат болу былай тұрсын, үміткерлікке де ілікпеген Дженнифер Энистон 44-ке келсе де сымбаты мен сәнін сақтап қала алғаны үшін көрермендерге ұнайды. Онсыз да өріп жүрген «Оскарлы» жас қыздардың арасында алдағы уақытта актрисаға орын табыла қояр ма екен?

Шолу vev.ru материалының көмегімен жазылды.

 

http://www.kinostan.kz/

Рубрика: