АЛТЫНОРДА
Новости

 Табиғатта жүрек бар…

Шындығында біз табиғаттың тылсым сырына терең үңіле бермейміз. Ға­жайыпқа толы айналаның өз сыры мен құпия қатпарлары бар. Қолмен ойып салғандай суреттер адамды әсерге бө­лейді. Бұл кездейсоқтық па, әлде… Біл­меймін. Десек те, табиғаттың сұлулығы шексіз. Керемет көрініс көз тойдырады. Табиғатта қозғалыс, тіршілік, сұлулық бар. 


Сұлулыққа сұқтана қараған жақсы, бірақ оның реңін бұзуға болмайды. Табиғатта жүрек бар, бірақ оны жара­лауға болмайды. Әлемнің әр шалғай жеріндегі Жаратқан ием өзі берген кө­ріністер мен ғажайыптар ғибрат алуға тұрарлық. Ендеше…
…сіз де сұлулыққа бір сәт көз тоқтатып көріңізші.

«Ат – ер қанаты». Жеті қазынаның бірі. Атбегілер қасиетті жануардың өте сезімтал екенін айтады. Жаугер­шілік заманда ерін далаға тастамаған жүйріктің маңдайында жүректің су­реті болуы бекер емес. Төрт түліктің төресі атанған жылқыға қазақтың ынтасы бөлек. Жылқының дүбіріне елең етпейтін қазақ жоқ. Тайбурыл, Шалқұйрық, Керқұла, Құлагер қазақ ертегілері мен жырларының алтын арқауына айналған. Батырларымыз­дың бес қаруының бірі болған, жау­мен алысқанда ерінің серігі болған жыл­қы– ұлтымыздың тарихы. Қазақтың өмір салты, таным-түсінігі, салт-санасы мен бүкіл мәдениеті жылқымен бай­ланысты. Тарихи дерек бойынша жыл­қының негізгі отаны–Шығыс Еуро­паның далалық аймағы, Орталық Азия мен Қазақстан болып есептеледі. Ға­лымдар қолға үйретілген тұлпарлардың арғы тегі жабайы жылқылар Тарпаң мен Керқұлан дегенді айтады.

Image

«Бір жүрек бір жүрекке керек екен». Әсем әуеннің ырғағында тербеліп, сүйгеніңе сүйіспеншілігіңді білдір­ген­ге не жетсін?! Сұлулық символына айнал­ған аққудың қатар жүзуін талай көрдік. Бірақ қос мойынын жүрек тәрізді иіп, махаббаттың шексіз екенін паш ететін кезін түсіру оңай емес. Бұл қас-қағым сәт қана болуы мүмкін. Бірақ мәңгілік сурет…

Image

Жерінің басым бөлігі ну орманнан тұратын Австралия да ғажайып­тарға толы. Елдің Квин­сленде ме­кеніндегі Нуса ара­лын­дағы өзен де өзіндік айшықты кө­ріністері­-мен ерекшеленеді. Терең ағынды судың ортасынан қолмен жа­са­ғандай етіп қойып кеткен арал да жүректің пішінін көз алдыңызға елестетеді. Аралда біршама халық тұрады. «Жүрек» аралындағы жұрт бұл жерді шын жүрекпен сүйеді. Енді ше…ара­лында да, адамында да жүрек бол­са…

Image

Канаданың Mulvey көліндегі тауға шығуға кез келгеннің жүрегі дауалай қоймас. Бірақ құзар шыңның басындағы көлдің құдіреті бар. Бұл да жүрек тәріздес. Көлді көктен ғана көрсең, табиғаттың жүрегі барына иланасыз. Таза мөлдір қалпын сақтап келе жатқан көл алайда сан ғасырдан өтсе де, жүрек пішінін жойған жоқ.

Image

АҚШ-тың Канзас-Сити елді мекеніндегі орманның айналасын отап қойғандай. Жүрек тәріздес суреттің сыртқы пішіні жасыл шыршалардан тұрады. Бәлкім, мұны ондаған, жүздеген жылдар бұрын біреулер осылай айналдыра еккен шығар. Бірақ сол бұрынғы қалпын сақтаған суретте сырын бүккен қандай тарих жатыр? Бұл жайлы дерек жоқ. Бірақ табиғатта «жүрек» барына кәміл сенесіз.

Image

Үндістанның Керала жерінде қа­лың ну орманның шетінде Chem­bra тауында өзен бар. Жағалауынан аспайды, буырқанып таспайды. Жаймашуақ қалпында жататын көлге келіп бір сәт тыныстап қай­татындар жетерлік. Сан тараудан келетін шұбатылған жолдардың бірсыпырасы осы көлге келіп түйі­седі. Экотуризмі дамыған аймақта осындай «алабөтен» жүректің барын жергілікті халық мақта­ныш­пен айтады.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

http://www.aikyn.kz