Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Табиғат десе ішкен асын жерге қоятын экоодақ төрағасы Мэлс Елеусізовтің ай­туынша, «Таңбалы тас» халықаралық фес­тивалін өткізу туралы идея қазақстандық табиғат қорғаушылардың ойына осыдан бірнеше жыл бұрын оралаған. Аса маңызды шараны өткізу үшін табиғат экоодағының мүшелері 12 жыл бойы табиғатты қорғау бағытында алуан түрлі экологиялық фо­румдардан бастап, «Іле – Балқаш» регатасын және аймақтарда жыл сайын құзға өрмелеп шығу және бард әндері фестивалі тәрізді ауқымды іс-шараларды ұйымдастырып, едәуір тәжірибе жинақтапты.

– Фестивальді өткізудегі басты мақсаты­мыз – еліміздің әрбір тұрғынын тамаша да көрік­ті туған табиғатымызды аялап, онда жайқалып өсіп тұрған әрбір тал-дарақ пен жануаралар әлемін қорғауға, табиғатты сүйе білуге бейімдеу. Сондықтан да ел тари­хын­да алғаш рет өткізілгелі отырған «Таңба­лы тас» халықаралық фестивалі аясында «Көкпар», «Іле – Балқаш регатасы», «Дала кәуабы мен палауы», құзға өрмелеп шығу бойынша және «Тосын сыйлықтар жарта­сы», «Atash» алау тәрізді жарыстар ұйымдасты­рып, жиналған жұртшылықты табиғатқа анғаұрлым жақындата түспекпіз. Бұған қоса, жағажайда футболдан, волейболдан, пейнт­болдан жарыс өткізіп, жүзден жүйрік шық­қандарды арнайы жүлде-сыйлықтармен марапаттамақпыз. Сондай-ақ фестивальге келген қонақтар үшін арнайы «Игі тілектер қорғаны» ашылып, мұндағы жартасқа әрбір адам өзінің жүрек түкпіріндегі ой-тілегін жазып, қалдыра алады. Екі күнге жоспар­ланған «Таңбалы тас» фестивалі барысында жиналған жұртшылық үшін арнайы тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, әрбір адамды табиғатты таза ұстауға шақырмақпыз. Фес­тивальге келген әрбір тұрғынға немесе мей­манға халықаралық «Таңбалы тас» фестива­лін ұйымдастырушылар тарапынан арна­йы ескерткіш сыйлықтар табыс етілмек, – дейді «Табиғат» экологиялық одағының төраға­сы Мэлс Елеусізов.
Іс-шараның тағы бір ерекшелігі, Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы студент-жастарының көмегімен «Таңбалы тас» шат­қалында халқымыздың киіз үй қалашы­ғы
бой көтереді. Мұнда келушілер қол өнер шеберлерінің үздік туындыларымен та­ны­сады. Қазақстандықтарды туған табиғатты аялауға шақыру бағытында өткізілгелі отырған «Таңбалы тас» халықаралық фестиваліне келген әрбір адам мерекеден ұмытылмастай әсер алып қайтатыны дау­сыз.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

http://www.aikyn.kz

Рубрика: