Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

70b1b9efe3856e83522dd807a2d129e9Оған жауын-шашынның әсері мол, бірақ бұл жағдай 2010 жылы қайталанып отыр. 

 

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Көлсай көлдері тау тостағанына құйылған маржандай. Көлсай көлі  –  жоғарғы шыңды тау­да, өткір қарағайлы жарда орналасқан үш көл. Бұл көлді “Солтүстік Тянь-Шань маржаны” деп атайды. Көлдер Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған. Жоғарғы Көлсай – теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, ортаңғы көл Қайыңды 2600 метр және көпшілікке белгілі төменгі Көлсай 2110 метр биіктікте орналасқан.  Соңғы жылдары көлге демалуға келетін отан­дастарымыз бен туристердің саны артқан. Сондықтан көл жағасында демалыс орындары да бой көтеріп келеді. Алайда келушілер тау баурайы мен көл маңайын ластауды әдетке айналдырған. Сондай-ақ өз бетімен көлдерді аралайтын туристердің қауіпсіздігі тағы бар.

Осы орайда премьер-министр Серік Ахметов табиғи көлдерді болашаққа бүтін, таза жеткізуге мемлекет қолда бар жағдайды жасайтынын жеткізді. «Бір өкініштісі – бізде барлық нәрсеге мемлекеттік тапсырыс бар. Жалғыз табиғатымызды, көлдерді, өзендерді, ормандарды қорғауға, сақтауға ғана жоқ демесеңіз, мемлекеттік тапсырыс барлық салаға берілген. Түрлі заңдық, қайдағы бір консалтингтік, тағы сондай салаларға да қаржы кетеді. Үкіметтік емес ұйымдарға, басқа да ұйымдарға қаржы бөлеміз. Ал, министрліктердің батылсыздығынан табиғат қорғау шараларына, табиғаттың деңгейін анықтайтын зерттеу жұмыстарын жүргізуге, табиғат қорғау бекеттеріне ақша бере алмай отырмыз. Осының кесірінен, тіпті, бүгінгі күні еліміздегі басты өзендердің деңгейі қандай екендігін білмейміз. Болашақ ұрпағымызға не қалдырамыз? Бүйте берсек, өзен-көлдеріміз құрғап кетеді. Соңғы жиырма жылдың ішінде ешкім өзен-көлдердің деңгейін қадағалаған емес. Мемлекет басшысы осыны ұдайы айтып келеді. Шортанды-Бурабай аумағының көлдерінің табиғи деңгейін жақсарту туралы мәселені көтергенімізге қанша болды, әлі күнге айтып келеміз», – дей келе премьер бұл шараны құзырлы министрліктерге, басқармаларға, әкімдіктерге тапсырды. Үкіметтік деңгейдегі жиналысқа байланысты облыс әкімі Аңсар Мұсаханов аймақтың қоршаған ортаны қорғауға қатысы бар мекемелер мен басқармалардың басшыларына, орынбасарларына тапсырма берді.

Елімізде ерекше қорғауға арналған су қоймалары бар. Солардың 26 көлі Алматы облысының табиғи қорықтары мен ұлттық парктерінде орналасқан. Көлдердің көпшілігінің көлемі шағын және тау көлдері болып келеді. Көлсайдың мәртебесі Қазақстан бойынша «Көкшетау», «Бурабай», «Баянауыл», «Қарқаралы», «Қатонқарағай», «Іле Алатауы», «Сайрамнан» кейінгі оныншы, ал Алматы облысында «Шарын», «Алтынемелден» кейінгі үшінші орынға ие.

http://www.turkystan.kz

Рубрика: