Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

20130513111158
Астана. 18 қыркүйек. Baq. kz- «Нұр Отан» ХДП-нан шығарылған Бақыт Сыздықова өзіне тағылған «қарыз ақша» туралы айыпты жоққа шығарады. Партия экс депутаттан 15 миллион теңге қайтаруын талап етіп отыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бүгін Қазақстан парламентінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова билік партиясы «Нұр Отан» мүшелігінен шығарылды. Саяси ұйымның сайтындағы мәліметке қарағанда, мұндай шешімді партияның саяси кеңесі қабылдаған. Партия таратқан ақпарат бойынша, Бақыт Сыздықова 2007 жылы өзі басқарған «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық ұйымына «Нұр Отан» қайтарымды қаржылық көмек ретінде бөлген 7 миллион теңгені қайтармаған. Қарыз өсіміне байланысты қазір ұйымның партияға борышы 15 миллион теңгеге жеткен.
«Оның барлығы — жалған. Мен әлеуметтік желідегі парақшамда біраз нәрсе жаздым. Ал түсініктемені кейінірек берейінші? Маған мұрсат беріңіздерші», — деді.
Сыздықованың жазуынша, «Нұр Отаннан» шығып қалғаны туралы «ақпарат құралдарынан естіген». Ол соңғы твитінде «Баспасөз конференциясын өткізгісі келіп отырғанын», «партия функционерлеріне жауап дайындап жатқанын» және «шындықтың өз жағында екенін дәлелдейтінін» жазады. Бір твитінде: «Мені партиядан шығара алады, бірақ партияны менің жүрегімнен шығара алмайды. Мен Нұрға сенемін» деген сөздер бар.

 

http://baq.kz/kk/news/35900

Рубрика: