АЛТЫНОРДА
Новости

Суық ауа райы елімізде 9 қазанға дейін сақталады

Астана. 8 қазан. Baq.kz – «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7-9 қазан күндері аралығында еліміздегі суық арктикалық фронт салдарынан республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, соңы ылғалды қарға ұласады. Солтүстіктен күшті жел соғып, ауа температурасы 0-8 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Ел оңтүстігінде де термометр бағаны -3-5 градусты көрсетпек.

Синоптиктердің айтуынша, ауа райының мұндай көрсеткіші қалыпты жағдайдан 3-7 градусқа төмен. Тек Қазақстанның батыс аймақтарында ғана ашық күн райы сақталып, ауа температурасы 1-3 градус жылылықты көрсетеді.

http://baq.kz/kk/news/54206