Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Шаршамайтын ғалымдар тағы да бір кең ауқымды зерттеу жүргізді. Олардың айтуынша, адамның тағамға әуестіктері мен мінезіарасында байланыс бар.

18 мың адам қатысқан зерттеулердің нәтижелері мынандай болды:

Тұзды тағамға құмар адамдардың ағзасы кейбір минералды заттарға зәру. Олар жиі жағдайда тағдырға сеніп, өмірдің ағынымен жүреді. Олар өмірін өздері емес, қоршаған адамдар мен жағдайлар шешеді деп ойлайды.

Шоколадқа әуестік серотонин (бақыт гормоны) жетіспеушілігінен болады деп есептейді ғалымдар. Ащы шоколадты ылғи көпшіліктің назарындағы адамдар таңдаса, сүтті шоколадты — жалғыздықты таңдайтын ұстамды интроверттер сүйіп жейді екен.

Ащы тағамдарды қан қысымы «секіретін» жандар ұнатады. Мінезі жайлы айтатын болсақ, бұндай адамдар ұқыптылықты, тазалықты, реттілікті сүйеді.

Кәмпиттерге құмар жандар өмірді сүйетін, өз ерекшелігін ұнататын адамдар болады. Олар басынан өткен оқиғалар мен қабылданған шешімдер жайлы еш өкінбейді.

Тәттіге де, тұзды тағамдарға да бірдей әуес кісі — дарынды, басқаша ойлайтындар қатарынан. Жиі жағдайда олар жалғыздықты таңдайды, басқаларға ішкі жан-дүниесін ашпайды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: visualphotos.com

 

http://massaget.kz

Рубрика: