Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_325cf2937a394fab9b7aeeb96ce77c09Астана. 9 қыркүйек. Baq.kz – Бас прокуратура суицидты насихаттайтын сайттарды өз бақылауына алды. Бұл туралы Алматыдағы «Суицидтердің алдын алу барысындағы сектор аралық іс-қимылдар» атты баспасөз мәслихатында Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры (РППНҒПО) Николай Негай мәлімдеді.

   «Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін шектеу үшін денсаулық сақтау секторынан тыс жерлерде де арнайы іс-қимылдардың қажеттігі сөзсіз. Ол үшін білім беру, жұмысқа орналастыру, полиция, құқық қорғау, дін, заң, саясат және БАҚ салаларында инновациялық, көпсекторлы кешенді қадамдар қажет. Тек мамандардың ғана емес, халықтың да сауаттылығын көтеру өте маңызды, бұл өзіне өзі қол жұмсау және жалпы психологиялық проблемаларға ат үсті қарауды төмендетеді», — деді Н.Ногай.

Ол сондай-ақ, ғаламторда суицидті насихаттайтын ақпараттық сайттардың жетіп артылатындығын айтты. Олармен Бас прокуратура айналысуда. «Осындай сайттар тиісті орындарға талдауға жіберіледі, мазмұнына қарай оларды жабу немесе шектеу туралы өз ұсыныстарымызды береміз. Сайттардың тигізер зияны көп, сондықтан да олардың көпшілігі жабылуы мүмкін», — деп мәлімдеді Н.Ногай. ДДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, өзіне-өзі қол жұмсау әлемдегі барлық жас топтары бойынша өлімге әкелетін негізгі 20 себептің бірі болып табылады. Жыл сайын бір миллионға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсайды. Кейінгі 45 жылда өзін-өзі өлімге қию көрсеткіші 60%-ға артқан. Кейбір елдерде өзіне-өзі қол жұмсау 15-44 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлім-жітімнің басты үш себебінің бірі болып табылады, ал екінші орынды 10-24 жас аралығындағы жастар алады. Бұл көрсеткіштерде өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқандар есепке алынбаған. Ал ондай әрекеттер 20 есе жиі жасалады.

Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламада медицинаның профилактикалық бағыттарына басымдық беріледі. Бұл мамандардың денсаулық сақтау секторындағы жұмыстарында тұрақты ескеріліп отырады. Қазіргі уақытта 2012-2014 жылдарға арналған суицидтердің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспары жүзеге асырылуда. Онда әртүрлі ведомстволар өз құзыреті шеңберінде осы бағытта профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Шараны ұйымдастырушылар — Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы, сондай-ақ Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы қаласының «Психикалық сауықтыру орталығы».

ҚазАқпарат

Рубрика: