Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

загруженное (4)Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz – Петропавлда су бағасы бірден 70 пайызға қымбаттауы мүмкін. 

Су тарататын мекеме тіршілік көзінің әр текше метрін 1 желтоқсаннан бастап 81 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Бұл – ҚР Үкіметі тағайындаған кешенді бағдарлама аясында жүзеге асатын іс-шара. Сонымен қатар жаңа тариф барлығына біріңғай болмақ. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметкерлерінің айтуынша, осы арқылы тозған желілер жаңартылып, жұмысшылар еңбекақысы көтерілмек. Сонымен қатар судың сапасын артып, тіршілік көзін мейлінше үнемдеуге мүмкіндік береді.

Марат Мұстафин, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

— Алғаш рет тариф 3 жылға бекітіледі. Яғни, биылғы қабылданатын желтоқсандағы тариф 3 жыл бойы өзгермейді. 1 млрд. 200 миллион теңге инвестиция бөлінеді. Инвестициялық бағдарлама 70 пайызы жаңа қуат үнемдегіш насостар мен двигательдерге ауыстырылады. Егер 1-2 жылда ауыстырма, 3-жылы бұл экономикаға кетеді. 

 

http://baq.kz/kk/news/36166

Рубрика: