Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Адамға тәрбие бермей тұрып, Білім мен Ғылымға үйретсең,

ол жүрген ортасына – апат әкеледі.»

Әл‑Фараби.

          Әлемдік иновациядағы – Қазақ Рухының жаңа жобасы дегеніміз не?. ‑ Иә‑ә, бұл сауалды терең түсінудің маңызы мен мәні, ұлттық өркенниетіміздің келешектегі парасаты болмақ ?! Ендеше, орайына лайық ой бөлісіп, пікірлерімізді сабақтастырып көрелік…

         Ең әуелі, ғылым ашқан бүкіл Космос әлеміндегі заңдылықтарды айтпай‑ақ, Адамзат мекендеп отырған Жер‑анамыздың табиғатындағы тұрақты ж ү й е л і л і к т е р д і  е с к е р с е к, ұсынылғалы отырған жобаның ең басты идеясы мен бағыттары ашылмақ. Сонда, ол не ?..

Оны барынша қысқартып айтсақ, Ол – бізді қоршаған Жаратылыс пен Адам табиғатындағы жымдаса байланысып жатқан – күллі жүйе атаулының тұрақты сыйпаттарын – түсінген сайын, таңдай қаға таңырқайтынымыз шындық. Міне бұдан, тек Жүйенің  құдіретімен ғана, күллі Тіршіліктің өмір сүре‑алатын заңдылығын ұғынамыз. Мәселен бұл көрініс, Өсімдіктер әлемін де – тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы – болып жүйеленсе,  Жануарлар  әлемін де – Тәні мен Жаны – делінсе, ал  Адамәлемін де – Тәні мен Жаны және Рухы – деп  жүйеленетіні белгілі. Ал, осынау күрделі құбылысты, осылай дей тұрсақ та.., жоғарыда айтылған тіршілік әлемінде кездесетін,  бір түрдің – бірнеше нұсқасы болатыны да анық. Мысалы, Роза гүлінің – ондаған түрлері, Теректің – сан‑алуан болуы, тіпті жануарлардағы Мысық пен Ит тектестердің – үлкенді‑кішілі әр‑алуандықтары да толып жатыр. Осынау, жаратылыстағы тылсымы мол тұрақты заңдылықтарға тұшынсақ, онда Адамзаттың сан ұлтты және әр‑түсті болуының маңызы да зор болса керек…

Бүкіл тіршілік әлеміндегі осыншама құбылыстардың кілті, тек жаратылыстың генефоны мен тегінде жатқандығы белгілі. Бұл ғылымда жан‑жақты зерттеліп анықталған құбылыс?!.. Олай болса, тіршіліктің түрлеріне жататын – өсімдіктер, жануарлар, адамзат – әлемдеріндегі Тектік  негіздері  еш өзгеріске түспей сақталуы басты шарт екен. Ендеше, ғаламданудың қыспағынан – халқымыздың Қазақы рухын – сақтап қалудың маңызын түсінетін уақыт келді. Бұл мәселені шешу үшін, оларды тақырып‑тақырыптарға жіктеп талдағанымыз жөн сыяақты…

І. Халықтық болымыс пен Текті сақтау ;

‑ Кестелеп айтсақ, қазіргі таңда «Жер – түймедей, Әлем кеңістігі – қалпақтай» болып қалғандықтан, адамзаттың аралас‑құраластары ерекше жиілеп кеткені анық. Сондықтан, олардың бір‑біріне деген әсерлері, бұрын‑соңды болып көрмеген сыйпаттарға ауысуы асқынып барады. Күштісі, әлсіздеуін өзіне сіңіріп алуға тырысушылық мол. Міне, дәл осыдан сақтанудың жолы бар ма ? Әрине, бар !.. Ол – халықтық болымысыңды (менталитетіңді) сақтайтын ‑ ұлттық Дәстүр‑салтың мен  Ана тілің ‑  екені белгілі. Бұл екеуі тереңде жатқан Тегіңді де сақтайды. ЖаҺанданудың қыспағына шыдайтын – жарылмайтын Жаңғақ – тек осы екеуі екенін ұрпағымыздың білгені жөн. Осы кезеңдегі басты жауымыз – Еліктеушілік – екенін естен шығаруға болмайды… 

ІІ. Ұлттық Тәрбие мен Білім жүйесі;

‑Қазақ Рухының  иновациясы мен технологиясын жасайтын да, оны айқындайтын да, осы екі жүйе болып табылады. Тіпті, қай халықтың болмасын, жалпы адамзаттың келешегі мен өркениеті осы екі жүйенің дұрыс шешілуі мен жетілуіне байланысты. Адамның табиғатпен үндескен дұрыс Тәрбиесі – тіршіліктің іргетасы болған да, оның сапалы Білімі – өмірінің мазмұнынанықтайтын айнасы екені анық. Ендеше, Қазақ халқы өзінің Тәуелсіздігін терең сезінгісі келсе, бүгінгі ұрпақ Тәрбиесі мен Білім  жүйелеріне сындарлы қарауы керек. Сонау зманғы бодандықтан келе жатқан «Европацентризм методологиясының»зардаптарын танып білумен қоса, онан құтылудың жаңа ілімін жасауы қажет. Жаңа ілімнің негізі ‑ ұлттық болымыс (менталитет) пен дәстүр‑салттың – озық үлгілеріне сүйену арқылы, Қазақ рухының  парасатты  мен  кісілігінің келбетін анықтамақ. Сонда ғана – Еліктеушіліктің ербеңінен – құтылып, өзінің ұлттық бейнесін қалыптастырған, адамзатқа елеулі Ел боларымызға сенемін. Мұның жолы аса бір қыйын да емес! Өйткені, бізге Алланың рахымымен берілген ‑ «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» ‑ Тәуелсіздігімізбен бірге келіп, халқымыздың арасында жүріп жатқанын айтсақ та болады. Алғаш рет 1991 жылы шыққан «Ізгілік әліппесі», «Халық педагогикасының негіздері»(1995), «Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері»(2005), «Педагогика мен психология негіздері»(2008), «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі»(2012)… атты монографиялар мен оқулықтарда, адам тәрбиесінің мүлдем жаңа – екі сатылы Методологиясы мен Жүйелері (Жүрек тәрбиесі мен Ақыл тәрбиесі) және Негіздері – егжей‑тегжей жазылған еді. Мұны халқымыз жылы қабылдап қолданып та, жүргізіп те жатыр. Оның жемістері Республика көлемінде көріне де бастады. Тек, бұл жаңалықты, мемлекет басындағы басшыларымыз ғана елемей жүр…

ІІІ. Адамзат тарихындағы «Ұлт  рухына» негіздеген дерек ; 

— Әлемде, осы мәселені шешкен Ел бар ма? Сауал орынды?! Ендеше, аз‑кем осы жайында сөз қозғағанымыз жөн. Мысалды,«Әлемдік педагогикалық ой‑сана» (2011,7т.)  атты  кітаптан келтіріп көрелік…

«… Дамыған мемлекеттер арасында Жапонияның білім беру жүйесі ерекше. Жапондықтар ең алдымен өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды. Олардың білім мен тәрбие жүйесінде, балабақша мен мектеп қабырғасынан – әдептілік, ұлттық сипаттағы құндылықтар мен адамгершілік және  имандылық пен өнегелілікті – ең негізгі мақсат етіп қояады. Жапондықтар басты үш қасиетті қадыр тұтады. Бірінші ‑ ұлт мүддесін‑ жеке бастың мүддесінен жоғары қою, Екінші ‑ білімге құштарлық, Үшінші – еңбексүйгіштікті – бала жасынан қастерлеуге тәрбиелейді. Бұрынғы, «Қытай ғылымы – Жапония рухы» (нансай‑вакон) деген ұранды «Жапон рухы‑ Шығыс техникасы» (вакон‑есай) атты ұранмен алмастырды.«Вакон‑есай» деген – «шетелдіктер тапқан білімді алу, бірақ оларға Жапон рухы мен ойлау образынан ауытқуына мүмкіндік бермеу» ‑ дегенді білдіреді. Жапония білім беруде ең алдымен тәрбиеге ерекше мән беретін мемлекет…» болып табылады. Тәрбие мен Білім берудің осындай жүйесін ұсынған Нитобэ Инадзоны Жапон халқы Ұлы педагог ретінде дәріптейді.Әйтседе Ол – жазушы, публицист, қоғам қайраткері, педагог және философ ретінде әлемге танылғанын ескерген жөн…

Мінеки, «Европацентризмге»  табынбайтын Елдің бірі Жапония болса, ал Жер бетінде біз білмейтін мемлекеттер қаншама десеңіз ші ?!.. Сондықтан, біз көтеріп отырған «иновациядағы – Қазақ рухының жобасы» ешбір ағаттыққа жол беріп отырған жоқ. Мұны мемлекет деңгейінде дамытуды ұсынамын және түсіністікпен қабылданатынына сенемін…

ІУ.  Мәдениет пен экономиканың дамуына Рухтың әсері ;

—                     Кезкелген халықтың өзіне тән Мәдениетін – Дәстүрі мен Салтының үздік үлгілері және бай ертегі‑аңыз, эпостары – сыйпаттайтын болса, көне замандардағы жеткен Жетістіктерін – Архиологиялық зерттеулердің нәтижелері – дүниеге паш етіп дәлелдейтіні белгілі. Бұның дерегі етіп, соңғы жылдардағы Қазақ даласының төрт құбыласынан табылған «Алтын адамдардың» бейнелерін айтсада жетіп жатыр. Осынау, екі түрлі нұсқада көрсетілген тұжырымдардан,Қазақ рухының көріністері айқын да анық байқалады. Мұның нақты мысалы ретінде, рухани қазынамыздағы –мыңнан астам Батырлар жыры мен Лиро‑эпостарға қоса, соншама бай аңыз‑ертегілердің сан‑сала түрлерін  – дәлел ретінде келтіруге болады…

Адамзат қоғамының қайырымдылығы мен парасаты –сапалы Тәрбие мен Білім жүйелерінің жетілуіне – тікелей байланысты екені, айдан анық белгілі болып отыр. Ендеше, жер бетіндегі бүгінге дейінгі бір жақты жүргізіліп келген ‑ Тән тәрбиесінің кемшіліктері ‑  ары қарай жалғастырудың алды апат екені анықтала басталды. Өйткені, Адамның мәні – Жаны мен Рухында –екендігін кванттық энергия түсініктерінің тылсымдары айшықтап берді. Олай болса, адамдағы үш жүйенің – Тән – Жан – Рухтың – тәрбие үндестіктерін таппай, Абай‑ғұлама армандаған «толық адам – нұрлы ақылдың» болуы да мүмкін емес екені рас. Сондықтан да, Тәуелсіздігімізбен даң‑құрдас біз ұсынып жүрген – «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» ‑ Алланың берген аянындай қасиетті іс. Ендігі жерде уақытты оздыра бермей – ұлт басшысы атанған, президентіміз Нұрсұлтаннан бастап ‑бүкіл халқымыз болып талқылап, жетілдіре пайдалануға кіріскен жөн. Мен осынау жазылып жатқан ғылыми еңбектің екінші тақырыбында   ІІ. Ұлттық Тәрбие мен Білім жүйесі;‑ тарауында көрсетілген монографияларда толық айтылатындықтан, жаңа ілімнің бүге‑шігесіне дейін сол еңбектерден танысуды ұсынамын. Тек, қысқа болсада ескертетін жағдай, жаңа ілімнің біздер ұсынатын – екі сатылы Методологиясы – оның І‑ші биологиялық индивид сатысынан шығатын ‑ Жүрек тәрбиесі жүйесі, ІІ‑ші сананы жетілдіру сатысынан шығатын – Ақыл тәрбиесі жүйесі – осы екі  Жүйеден бастау алатын –  Жеті түрлі Негіздері – түгелімен дерлік, халықтық дәстүр‑салтымызбен үндесіп жатқанын айтқан жөн. Бұл ұсынылған «Адам тәрбиесінің жаңа ілімінің – Методологиясы мен Жүйелері және Негіздері – бұрын‑соңды Әлемдік педагогикада айтылмаған. Жұртымызда  Жүрек  тірбиесімен туған тұлғалардың саны – аса мол. Бұған сонау көне замандардан бастап көптеген мысалдар келтіруге болады. Біздің эрамыздан бұрын өткен – Алып Ер Тұңға, Ұлы Мөде хан, Аяз би, Алаша т.б. – эрамыздың бастапқы кезінде Түркі қағанатын құрғандар – Тоныкөк, Бумын, Естеміс, Қапаған, Күлтегіндер..‑ орта ғасырдың ұлы тұлғалары – Шыңғыс хан, Күшілік хан, Жошы, Бату, Қобыланды, Алпамыс, Бейбарыс т. б. – кешегі Қазақ хандығын құрғандар – Әз‑Жәнібек, Керей, Қасым, Хақназар, Әз‑Тәуке, Жиренше, Қарашаш, Өтейбойдақ, Асан‑қайғы, Мөңке би – кеше ғана өткен тәрізді ‑ халқымыздың ұлы қолбасшысы Қабанбай‑батыр, серіктері Бөгенбай, Наурызбай, Райымбектер мен Бұхар‑жырау, Абылай, Әйтеке,Төле, Қазыбек, Құттыбайлар – академия бітірмегендер екені белгілі. Міне, бұлардың барлығы да – Жүрек тәрбиесі жүйесінің – құдүретімен дүниеге келген жандар ?!.. Олай болса, бұрынғы парасатты аналарымыз – құрсағында Жанның он екі арналарын аша білгендіктен – сәбилерінің Жүрек тәрбиелері оянып туған. Ендеше, біз ұсынып жүрген «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі»  көктен түскен жоқ. Халқымыздың Тектік қасиеті мен дәстүр‑салтында болғандығымен құнды. Енді мынау, ғылымы мен білімі дамып, жаратылыстың не бір тылсымдарын ашып жатқан заманға керегі, адамдағы – Тән –Жан – Рух – тәрбиелерінің үндестіктері қажет болып тұр. Сонда адамзат қауымы, өзініңТәрбиесін осынау үш тағанның құдүретімен шешсе, ықылым замандардан аңсап келе жатқан қайырымды қоғамын орнатып,экономикасы шалқып ізгілікке толы әділетпен өмір сүреді…

Т Ү Й І Н .  

—  Иә‑ә, сонда ғана әл‑Фараби айтқан Тәрбиесіздікпен келетін апаттардан арылып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоғам орнайды. Адамзат өз бойындағы өзімшілдік пен құмарлықтан безініп, Бесінші рассадағы Тән құмарлығынан арылып, Алтыншы рассадағы Жан құмарлығына ауысады. Міне бұл сыйпат, Мая календарындағы жыйрма алты мың жылға созылған дәуірдің аяқталуымен, енді мүлдем жаңа санаға ауысқан адамзаттың эпохасы басталады…

—    Өмір мен тұрмыстағы тіршілік Тәрбие мен Білім беруді белгілейді. Бұл екеуі адам өмірінің мәні мен сапасын өзгертумен қоса, Мемлекетті байытады. Сондықтан Қоғам мен Мектеп тығыз байланыста болуы керек. Оқытудың темірқазығы Тәрбие мен Білім, жан‑жақты әрі жүйелі болуы  шарт. Осының бәрі ізгілік пен рахым үшін екені, естен шығарылмағаны жөн. Ұлттық мемлекеттің тағдыры, балабақшасы мен бастауыш мектептердің сапасына тікелей байланысты.Оның кілті ұлағатты ұстаздардың қолында екені ерекше ескерілуге тиіс.Олай болса, ұстаздардың еңбектері барынша бағаланғаны дұрыс. Ұлттық мемлекет Ұстаздарына жағдай жасамаса, Ел де көркеймейді және Әлемде тыныштық пен бейбіт өмір де болмайды. Ұстаз надандық пен жауыздықты ауыздықтайтын құдірет иесі десек  артық емес. Сондықтан да, ұстаз болудың жауапкершілігі мен міндеті аса ауыр екенін ұққанда ғана жақсылық келмек. Осының ішінде ерекше атауға тұратын – әсіресе Тәрбие мәдениеті – адамның парасатын да, мемлекеттің мәртебесін де жасайды. Әлемдік иновациядағы – Қазақ рухының жаңа жобасын жасауға ұмтылғандағы ‑ табылған толғаныстар мен ойлардың жыйынтығы осындай ұғымдарды береді. Пікір қосыңыздар…

 

Пайдаланған әдебиеттер:

І. Әлемдік педагогикалық ой‑сана, А. 2011. 10‑том.

2. Әдеби жәдігерлер, А. 2011. 15-том.

3.Совет-Хан Ғаббасов. Ізгілік әліппесі, А.1991. І‑ші және ІІ‑ші кітап.

4. Совет‑Хан Ғаббасов. Халық педагогикасының негіздері, А. 1995.

5. Совет‑Хан Ғаббасов. Халық педагогикасы мен психологиясының

негіздері, А. 2005.

6. Совет-Хан Ғаббасов.Педагогика мен психология негіздері,(оқулық)  А. 2008.

7. Совет-Хан Ғаббасов. Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі, А. 2012. 1-2 кітап.

8. Психология (Адамзат ақыл‑ойының қазынасы), А. 2006. 10-том.

  Алматы – желтоқсан 2012 жыл.

 

http://ult.kz/kz/article/view?id=1203

Рубрика: