АЛТЫНОРДА
Новости

Сорпаға тілін күйдірген канадалық $69,455 өтемақы алды

Астана. 12 ақпан. Baq.kz – Сорпаға тілін күйдіріп алған канадалық әйел өзі тамақтанған мейрамхананы сотқа беріп, өтемақы ретінде 69,455 АҚШ долларын өндіріп алды деп жазады The National Post.

Басылымның хабарлауынша, 58 жастағы Квебек провинциясының тұрғыны Tim Hortons мейрамханасын сотқа берген. Ал, оқиғаның өзі сонау 1998 жылы орын алыпты. Тілін сол кезде қатты күйдіріп алған әйел дәм сезгіштік қасиетінен айрылып, күйзеліске түскен көрінеді. Салдарынан ұзақ уақыт бойына жұмысқа жарамсыз болып қалдым дейді ол.
Мейрамхана иелері осыдан 16 жыл бұрын әзірленген сорпаның температурасы қалыпты жағдайда болды деп ақталғанымен, судьянысендіре алған жоқ.
Сот шешіміне сәйкес, мейрамхана қызметкерлері сорпа ішпек болған әйелді «тағамыңыз ыстық, күйіп қалуыңыз мүмкін» деп ескертпеген. Сол үшін олар айыпты дейді судья.
Ондаған жылға созылған сот процесінен кейін мейрамхана басшылығы тілі күйген әйелге өтемақы ретінде 33 333 доллар және сот шығыны ретінде 36 121 доллар төлеуі тиіс.

http://baq.kz/kk/news/43417