Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

49944C88-07C5-4D00-8079-61196DF6D95E_w308_r1Құқық қорғаушылар Сирияда азаматтық соғыс басталған 31 айда 120 мыңнан астам адам қаза тапқанын мәлімдеді. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының хабарлауынша, 2011 жылы наурызда халық толқулары басталғалы бері қаза тапқан 120 мың 296 адам тіркелген. Олардың 42 мың 495-і — бейбіт тұрғындар.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, мерт болғандар арасында ливандық «Хезболла» ұйымының 187 сарбазы, үкімет күштері жағында соғысқан сириялық емес 61 сарбаз және тұлғасы анықталмаған 2772 адам бар.

Биыл 25 шілдеде БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сириядағы қақтығыстарда құрбан болған адам саны 100 мыңнан асқаны туралы мәлімдеген еді.

 

Азаттык радиосы

Рубрика: