Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

9=9АСТАНА. 29 мамыр. Baq.kz – Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Иса Керімтаев ақсақалдың әбден тозығы жеткен үйін жергілікті билік өкілдері жөндеуден өткізді. 

Қария 1921 жылы дүниеге келген. Қан майданды көзбен көрген ардагер дәл бүгінгі таңға дейін жөндеу көрмеген ескі баспанада тіршілік етіпті. Ауыл әкімдерінен қайран көрмеген ол облыс әкіміне мұңын айтып, ақыры дегеніне жетіп отыр.
«Жасым 93-те. Алған төсбелгілерім өте көп. Ауданның құрметті азаматымын. Алайда, тұрып жатқан үйім күрделі жөндеуді қажет етеді. Былтыр ауыл әкімдігінен адамдар келіп, үйіңізді жөндеп береміз деп уәдені үйіп-төгіп кетті. Алайда, бітірген түктері жоқ. Биыл да дәл солай, тағы да уәде беріп кетті. Бірақ мен оларға сенуден қалдым. Бұған дейін өмірімде ешкімге өтініш айтқан адам емес едім, амалдың жоқтығынан өзіңізге хат жазып отырмын. Құрметті Ансар Тұрсынханұлы, ардагерлерді жылына бір рет қана емес, үнемі назарларыңызда ұстап жүрсеңіздер. Онсыз да жыл сайын қатарымыз кеміп келед» дейді ақсақал.
Ардагердің осы хатынан кейін Алматы облысының әкімі екі сөзге келмей, қарияның үйін жөндеуден өткізді, жергілікті билік өкілдеріне тапсырма беріп. Бүгінде оның 1968 жылы салынған баспанасы қайта қалпына келтірілген.

 

http://www.baq.kz/kk/news/29246

Рубрика: