Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Сочиде Ресей президенті Владимир Путин, Армения президенті Серж Саргсян және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш президенттің жексенбі күнгі кездесуінің негізгі тақырыбы Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеу мәселесіне арналды. Кездесуге қатысқан тараптар жанжалды тек бейбіт жолмен реттеуге болатындығына келіскен. Ресей президенті «совет заманынан мұраға қалған мәселені» шешу қажеттігін айтқан.

«Әрине, егер ерік-жігер болатын болса кез келген қиын жағдайды шешуге болады, әзербайжан халқында да, армян елі тарапында да ондай ерік-жігер бар деген ойдамын» деген Путин.

Бұның алдында, сенбі күні Путин Саргсян және Әлиевпен жеке-жекекездескен.

Сепаратистік Таулы Қарабақ аймағында соңғы уақытта қарулы жанжал өршіп, Баку мен Ереван арасындағы қатынас ушығып кеткен еді. Қақтығыстар салдарынан кейінгі күндері екі жақтан кемінде 20 адам мерт болғаны жайлы деректер бар.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140810/330/330.html?id=26522937

Рубрика: