Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) басшысының хабарлауынша, Ресей Сочиде олимпиада ойындары кезінде наразылық акциялары өтетін арнайы аймақ бөлуге келіскен.

Томас Бахтың айтуына қарағанда, олимпиаданы ұйымдастырушылар кеше ХОК-тің атқару комитетінде берген есебінде арнайы аймақ бөлу туралы шешімін білдірген. Енді Сочиде «өз пікірін білдіргісі келетін немесе демонстрация өткізгісі келетіндер үшін» арнайы аумақ құрылады.

Тамыз айында Ресей президенті Владимир Путин Сочиде екі жарым ай бойы — Олимпиада және Паралимпиада ойындары кезінде «»жиын, марш, демонстрация мен пикеттер өткізуге» тыйым салатын жарлық шығарған еді.

Сарапшылар жарлық кәмелетке толмағандар арасында «гомосексуализмді насихаттауға» тыйым салатын заңға наразыларға қарсы бағытталған деп санайды.

http://www.azattyq.org

 

Рубрика: