Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 7 қаңтар. Baq.kz – Бүгіннен бастап Сочиде 2014 жылғы қысқы Олимпиада кезеңінде қауіпсіздік шараларын енгізуді қарастыратын ерекше тәртіп күшіне енді. 

Қауіпсіздік шараларын регламенттейтін президенттік жарлықта тыйым салынған аймақты құру қарастырылған және бұл жерге қызметтік немесе өндірістік қажеттіліксіз өтуге рұқсат етілмейді.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, сонымен қатар қадағалауда болатын аймақтар құрылады. Бұл орындарға полициялық тексеруден кейін ғана баруға болады

Сочиге өтуді қадағалау шаралары үшін 30 мыңнан астам құқық қорғау органдарының және ішкі әскердің қызметкерлері жұмылдырылмақ.

 

http://baq.kz/kk/news/41803

Рубрика: