Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сочидегі олимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталып кетті. Бүгін алғаш болып ерлер арасынан сноубордтың слоупстайл деп аталатын түрін орындау бойынша іріктеу сайыстары өтті. Бұдан соң әйелдер арасында тау шаңғысымен сырғанаудан жарыс өтпек.

Бүгін бұларға қоса мәнерлеп сырғанаудан ерлер командасы арасында және жұптасып өнер көрсетуден жарыстар өтеді. Бұдан кейін әйелдер арасында фристайлдан бәсекелер өтеді.

Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты ертең, 7 ақпанға белгіленген. Сочидегі олимпиада ойындары 23 ақпанға дейін жалғасады.

http://www.azattyq.org/

 

Рубрика: