Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 14 қаңтар. Baq.kz – Сочидегі Олимпиадаға баруды жоспарлаған американдықтарға террорлық қауіптің арту ықтималдығы, жалпы қылмыстық ахуалға байланысты әрі дәрігерлік қызмет көрсетудің жеткіліксіз болатыны туралы ескерту жасалды, деп Associated Press хабарлап отыр.

Алайда, Американың сыртқы саясат мекемесі Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысты қауіп туралы нақты мәліметтерінің жоқ екені туралы басып айтты.

ФТБ директоры Джеймс Коми өткен бейсенбіде АҚШ өзінің бірнеше агенттерін Ресейге 2014 жылғы Олимпиаданың өтуі кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту шараларына көмектесу мақсатында жіберетінін мәлімдеді, деп Газета. ру хабарлады.

Мемлекеттік департамент Сочиге баратын американдықтарды жеке медициналық сақтандыру мәселесін шешіп баруға кеңес беруде, себебі АҚШ Ресейдің бұл қаласында көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасына сенімді емес.

http://baq.kz/kk/news/42050

Рубрика: