Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Бразилиядан саяси баспана сұрағанын мәлімдеді.

Ресейден уақытша тұрып жатқан Сноуден бұл туралы Бразилияның GloboTV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

АҚШ билігі Эдвард Сноуденді «мемлекеттік құпия құжаттарды ұрлады» деп айыптап, сотқа тартқысы келеді. Былтыр жазда Ресей оған елде бір жыл тұруға рұқсат берген. Рұқсат мерзімі биыл 1 тамыз күні аяқталады.

Бірақ, Бразилия сыртқы істер министрлігі Сноуденнен саяси баспана сұраған өтініш түспегенін айтады.

Былтыр Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің шетелдік бірнеше мемлекет басшыларының, оның ішінде Бразилия президенті Дилма Русефтің телефондағы әңгімелерін тыңдағанын жария еткен еді. Бұдан соң Дилма Русеф Вашингтонға жоспарлаған сапарынан бас тартқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140602/330/330.html?id=25406591

Рубрика: