Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Осы күннің ең қызықты деректерін ұсынғалы отырмыз. Көктем келмей тұрып бір біліп қалыңыз.

Аустралияда күйіп кеткен шамды арнайы рұқсат қағазы бар электрик маман ғана ауыстыруға құқылы. Ал өздігінен ауыстырам дейтіндерге он доллар көлемінде айыппұл салынады.

Дастин Хоффманның «Жаңбыр адамы» киносындағы прототипі Ким Пик — кітаптың екі бетін бір мезетте оқи алатын жер бетіндегі жалғыз адам. Бір көзбен біреуін, екінші көзбен екіншісін…

Бірнеше жүз жылдықтар бұрын гренландиялық эскимостар ескі заманда түскен 58 тонналық темір метеоритті металл көзі ретінде пайдаланған болып шықты.

 

Адамзат тарихыдағы алғашқы кинолардың бірін Томас Эдисон түсірген. Аталған кино боксшы мысықтар туралы.

Американың ең алғашқы құл иеленушісі Энтони Джонсонның түп-тамыры Африкамен тығыз байланысты екен.

Біздер араб деп ойлайтын ертегідегі Алладиннің шын мәнінде түп-тамыры қытайлық болып табылады.

Астронавтардың бас киімінде мұрын қышыса қаситын арнайы бөлік бар.

Скандинавиялық әйелдердің әдемі болуының сыры неде деп ойлайсыз? Өз уақытында викингтер үйлеріне соғыс олжасы ретінде нәзік жыныстылардың ең әдемілерін ғана таңдап алып баратын болған.

1900 жылы Францияның ғылым академиясы өзге өркениеттің өкілімен байланыс орнатқан адамға 100 мың франкты сыйлық ретінде береміз деп жария қылыпты…

Гарри Поттер жайлы кітаптар британ тілінен американ ағылшын тіліне аударылған.

сурет:joy-every-day.livejournal.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбе

Рубрика: