Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

63DD19FA-033A-484E-90D9-9EB911331C8F_w308_r1_cx4_cw90Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым сарапшылары 1 қазанда Сирияның химиялық қару-жарақ арсеналын тексере бастайды деп хабарлады Reuters агенттігі.

27 қыркүйек күні кешке Гаагада ұйым өкілдері Сирияны қарусыздандыру жоспарын талқылап, ол мәселені дауысқа салмақ. Жоспарда ұйымға мүше елдерді Сирияның химиялық қару-жарағын жою жұмыстарын қаржыландыруға шақырады.

26 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес елі Сирияның химиялық қаруын жою туралы қарар жобасына келіскен еді.

Қарар жобасында Сирия химиялық қаруын халықаралық қауымдастықтың бақылауына өткізбеген жағдайда Дамаскіге санкция салу немесе әскери күш қолдану сияқты шаралар жасалатыны туралы айтылмаған. Құжат жобасында тек химиялық қаруды қолданған тарап қана айыпталғанымен, нақты кінәлілер аталмайды. Бірақ қарар Сирия үкіметі мен елдегі өзге де топтарды химиялық қарудан бас тартуға міндеттейді. Қарарға бүгін кешке дауыс берілуі мүмкін.

Сирия қарар талаптарын орындамаған жағдайда оған БҰҰ жарғысының 7-тармағы (санкция салу я күш қолдану) бойынша шара жасалмақ. Бірақ дипломаттар «ол үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жеке қарар қабылдауы қажет» дейді.

 

http://www.azattyq.org/

Рубрика: