Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

"Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымының содырлары. Ирак-Сирия шекарасы. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, «Ирак және Шам ислам мемлекеті» (ИШИМ) ұйымы Сирияның Иракпен шекарасына жақын Дейр-эз-Зор ауданындағы ірі мұнай кенішін басып алды.

Белсенділердің хабарлауынша, ИШИМ ұйымы кенішті 3 шілде күні басып алған. Бұған дейін кенішке иелік етіп келген «Нусра майданы» мұнайлы жерді қарсылықсыз тастап шыққан.

ИШИМ қазір Дейр-эз-Зордағы мұнай және газ кеніштерінің көпшілігіне иелік етеді. Ұйым Сирияның шығысы мен солтүстігін және Ирактың батысы мен солтүстігін басып алып, онда «ислам халифатын» орнатқан.

 

http://www.azattyq.org/content/news/25444930.html

Рубрика: