Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сирияда қақтығыстар басталған үш жыл ішінде 150 мыңнан астам адам қаза тапқан. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы хабарлады.

Ұйым дерегі бойынша, қаза тапқандардың 8 мыңға жуығы — балалар. Ұйым қақтығыстарда үкімет күштерінен 58 мыңнан астам адам және 38 мыңға жуық оппозицияшыл сарбаз қаза тапқанын айтады. Сирияда қақтығыстарға араласқан Ливандағы шииттік «Хезболла» ұйымынан 364 жасақ мерт болған.

Сириядағы 2011 жылдың наурызында билікке қарсы бейбіт шерулер үкімет күштерімен қақтығыстарға ұласқан. Үкімет толқуларды басып-жаншып, демонстранттар қаза тапқан соң кейбір оппозицияшыл топтар билікке қарсы қарулы күреске шыққан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140402/330/330.html?id=25317762

Рубрика: