АЛТЫНОРДА
Новости

Сирия лаңкестері өзара соғысып жатыр

АСТАНА. 13 қаңтар. BAQ.KZ — Сирияда Асад режиміне қарсы күресіп жатқан лаңкестік топтар өзара соғыса бастады. Кешегі аптада «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» деп аталатын ұйым өкілдері өзге экстремистік ұйымның 100 жауынгерін атып тастады деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Аталған агенттіктің мәліметінше, соңғы күндері исламистер Ракка провинциясының бірнеше елдімекеніне ойысқан. Бұл жерде олар «Фронт ан-Нусра», «Ахрар аш-Шам» деп аталатын өзге лаңкестік топ өкілдерін кепілдікке алып, артынша, оларды түкел астып тастаған.
Соңғы 1 апта көлемінде Сирияда болып жатқан азаматтық соғыс салдарынан 500 адам көз жұмды. Әлемдік сарапшылар болса сириялық оппозицияның осылайша өзара қырқысуы Асад режимінің жеңісіне алып келетіндігін айтып отыр.

http://baq.kz/kk/news/41995