Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Симферопольде Қырым автономиялық республикасының парламентінде болған митингілерден кейін 30 адам медициналық көмекке жүгінді. Қырым автономиялық республикасы денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, алты адам ауруханаға жатқызылған, оның үшеуінің жағдайы ауыр.

Қырым татарлары мәжілісінің бұрынғы төрағасы, Украина Жоғарғы Радасының депутаты Мұстафа Джемлиевтің айтуынша, Қырым парламенті алдында болған митингілерде екі адам қаза тапқан. Оның біреуі жүрек талмасы ұстап, екінші әйел адам топ арасында аяқ астында тапталып қаза болған.

Қырым парламенті алдына жиналған Украинадағы жаңа билік пен оған қарсылар арасында жанжалдар болған.

Жаңа үкіметті қолдап мыңдаған қырым татарлары мен «Еуромайдан-Қырым» қозғалысының белсенділері шыққан. Оларға «Орыс бірлігі» қозғалысы мен орысшыл ұйымдардың белсенділері қарсылық танытып тұр.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140227/330/330.html?id=25278568

Рубрика: