Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Иранда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болғаны туралы әзірге ақпарат түскен жоқ деп хабарлады сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановтың айтуынша, Иран билігінен қазірге дейін ұшақ бортындағы жолаушылар туралы ақпарат түспеген. «Біз қазір өз байланыстарымыз арқылы жолаушылар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз. Қандай да бір ақпарат түскен жағдайда хабарлаймыз» деген Айтмаханов.

10 тамыз күні таңертең Иран астанасынан елдің шығысындағы Табас қаласына ұшып шыққан Taban Airlines әуе компаниясының Iran-141 жолаушылар ұшағы Тегерандағы «Мехрабад» әуежайы маңында апатқа ұшырап, қырықтан аса адам опат болғаны хабарланған. Соңғы ақпараттар бойынша, апаттан тоғыз адам тірі қалған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140811/330/330.html?id=26524300

Рубрика: