Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ваф31 мамыр, қасиетті жұма күні Шымкент қаласында сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды. Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Сухеил Матар әл-Кетби, т.б. мұсылман елдерінің елшілері қатысты.

Бас мүфти салтанатты шарада сөз алып, халықты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай, кімде-кім Алланың разылығын үміт етіп мешіт тұрғызса, Жаратушы Ие ол адамға жұмақтан сарай салдырып қояды. Оңтүстік Қазақстан облысы еліміз бойынша мешіті мол аймақ. Мұнда 800-ден астам мешіт бар. Бұл ата тұрып бала, ана тұрып қыз сөйлемейтін адамгершілік құндылықтар сақталған оңтүстік өңірдегі ағайынның дін мен дәстүрді берік ұстануының айғағы, соның жарқын көрінісі деп есептеймін. Құрметті ағайын, бауырлар, жаңа мешіт құтты болсын», – деді Бас мүфти. Ержан қажы Маямеров облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлына қасиетті Құран Кәрімді сыйлады.

Жаңа мешіттің құрылысы 2007 жылы басталған. Құлшылық үйінде бір мезетте 5 мың адам намаз оқи алады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мешіттің 4 мұнарасы бар. Алла үйінің құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен, яғни қазақы киіз үй пішінде тұрғызылған. Жаңа құлшылық үйінің атауы – «Облыстық Орталық мешіт». Жер көлемі 2,69 гектар, аумағы 8 мың шаршы метр. Мешіт құрылысына 1 млрд 622 млн теңге жұмсалған. Бұл қаржы Біріккен Араб Әмірліктерінің Заид бен Сұлтан Әл-Наһаян қайырымдылық және гуманитарлық мекемесі тарапынан бөлінген.

Мешіттің конференция залы, кітапханасы, медресесі, екі үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар мың көлікке арналған автотұраққа орын бөлінген.

Жаңа мешіт ел игілігі мен бірлігіне қызмет ете бергей! Құтхана құтты болғай!

http://ult.kz/kz/article/view?id=1376

 

Рубрика: