Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

top_0Бүгін, 14 қазан күні Ж.Шанин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрында Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай» әдеби музыкалық қойылымының премьерасы өтуде. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдығына орай сахналанатын әдеби музыкалық толғау тұңғыш рет Оңтүстік сахнасында көлеңкелі қойылым ретінде көрерменге ұсынылмақ. Спектакльдің көркемдік жетекшісі – Қуандық Қасымов болса, көлеңкелі сахнаның режиссері – Мейрам Хабибуллин. Кешкі сағат 19:00-де басталатын шығарма 15 қазан күні де қайта қойылады.

 ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

 

Рубрика: