Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

images (1)Шымкентте әйелді таспен атқылап өлтірді деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Кісі өлімі 4-ші шілде күні түнде Шымкенттің 11 ықшамауданында болған. Таңертең Уәлиханов көшесінің ауласында әйелдің мүрдесі табылған. Оны қатігездікпен өлтіргені белгілі болды. Әйелдің басы жұмыр тастармен мыжғыланып тасталған. Қаза болғанның үстінде тек майка мен кеудеше ғана, ал қалған киімдері және жеңіл аяқ-киімі жақын жерде жатқан.

Жақын маңдағы үй тұрғындарының айтуынша, олар ешқандай күдікті дыбыстарды естімеген. Тек таңертең ғана олардың кейбірін полициялар оятқан. Қаза болған әйелдің денесін мәйітханаға алып кетіп, оқиға орнында тек қанның іздері ғана қалған.

Телеарнаның мәліметінше, жедел-тергеу тобының мүшелері жақын маңда орналасқан бильярд клубындағы бейнебақылауды тексерген. Алайда әйелге жасалған шабуыл тіркелмеген.

Сондай-ақ, жедел топ қылмыс болған жерге жақын орналасқан сауна қызметкерлері де жауап алынып, сол секілді оқиға жайлы үй тұрғындарынан да сұралған.

Қаза болған әйелдің кім екені анықталды ма – ол жағы белгісіз. Алайда ол әйелдің оқиға болған маңның бірінде тұруы мүмкін. Әйелге сараптама тағайындалып, оған сексуалды күш көрсетілді ме, жоқ па анықталуы тиіс.

Дереккөз: Nur.kz

Рубрика: