АЛТЫНОРДА
Новости

Швейцияда Еуропаның исламдануына қарсы акция өтті

Швецияның Мальме қаласында «Батыстың исламдануына қарсы еуропалық патриоттар» (PEGIDA) қозғалысы акция ұйымдастырып өткізді. Онымен бір мезгілде өткен нәсілшілдікке қарсы шеруге шыққандар саны PEGIDA демонстрациясына қатысқандардан ондаған есе көп болды.

Швед ақпарат құралдары полиция дерегі бойынша қаланың орталық алаңына PEGIDA-ның шамамен 30 шақты белсендісі жиналғанын, оларды полиция қоршап тұрғанын хабарлады. Олармен қатар үш мыңнан астам демонстрант нәсілшілдікке қарсы шеруге шыққан.

Швеция Еуропада иммигранттардың тұрғындардың жан басына шаққандағы үлесі жағынан бірінші орында тұрған ел.

PEGIDA өткен жылы Германияның Дрезден қаласында алғашқы акцияларын өткізген. Әуелде бірнеше жүз адам ғана жиналатын ұйым шараларына қатысушылар саны күрт артып, 12 қаңтарда Дрезденде өткен Еуропаның исламдануына қарсылық шеруіне 25 мың адам шыққан.

PEGIDA акциялары Чехия, Австрия, Дания және Норвегияда да өткен. Әдеттегідей бұл елдерде де PEGIDA шерулерімен қатар нәсілшілдікке қарсы акциялар да ұйымдастырылды.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26839159