Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

040621616Шығыс Қазақстан облысы Шілікті жазығындағы көне қорымдарға байланысты шу шықты. КТК арнасыныңхабарлауынша, сол маңдағы үш бірдей ауылдың тұрғындары қорымнан табылған екінші алтын адамның сүйегін қайта жерлеуді талап етуде.

2004 жылы ол қорғаннан Сақ патшасының сүйегі мен алтын әшекейлері табылып, Астанаға әкетілген. Ал жергілікті тұрғындар содан бері ауылымызды қарғыс атты деп отыр.

Шілікті даласындағы сақ тайпаларының қорымдарын зерттеу өткен ғасырдың қырқыншы жылдары басталған. Ал көне бейіттер алтынға толы екендігі дәлелденгенде 20-шы ғасырдың соңына қарай қазба жұмыстары тіпті белсенді жүргізілді.

Жалпы, Шілікті жазығында 350-ге жуық оба-қорымдар бар дейді жергілікті жұрт. Оның ішіндегі мынау Бәйгетөбе қорымы. Бұл жерден 2004 жылы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде сақ патшасы, дәлірек айтқанда екінші алтын адам табылған. Археологтардың сол олжасынан кейін қорымға жақын жатқан үш ауылдың басынан қара бұлт сейілмепті.

«Мына жерге қар түспейтін. Ал енді алтын адам табылғаннан кейін бұл жердің климаты өзгерді. Малымыз қырылды, жұт болды, тасқын келді», — дейді ауыл тұрғындарның бірі.

Сондай-ақ, жазық даладағы аруақтардың қозғалуынан кейін, ауыл ішінде бұрын білмейтін аурулар пайда болған. Сондықтан тұрғындар ашық жатқан қорымдарға адам мен малдың жоламауына барынша күш салып отыр.

Мәдени мұраны қалпына келтіруге қаражат қолбайлау екендігі белгілі болды. Бұл туралы Астанадағы археология институты айтып отыр. Ал климаттық өзгерістерге қатысты бар бәлені археологиялық қазбалармен байланыстырмағаны жөн дейді. Дегенмен қорым маңындағы үш ауылдың жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Жалшы, Шілікті, Тасбастау елді-мекендерде тек кәрі-құртаң қалған. Ал жастары жаппай көшіп жатыр.

 

http://massaget.kz/madeniet/kino/10839

Рубрика: