Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

12c4b62d8d904d282d9de822421c5447Щучьеде  жаңа туған сәбиді анасы 3 мың долларға сатпақ болған. Бұл туралы ҚР ІІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі. 

«Ақмола облысында Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Щучье қаласындағы  «Тоқта, трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде 19 жасар келіншекті тұтқындады. Ол жаңа туған сәбиін 3000 долларға 48 жастағы әйелге сатып жіберген. Ал өз туысқандарына қыз бала босану кезінде қайтыс болды деген»,- деп мәлімдеді Нұрділдә Ораз.

 

Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 133 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы қамауға алынды.


BNews.kz:

 

Рубрика: