Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz — Мадридте «Фитур 2014» туристік көрмесі жалғасып жатыр. Мұнда келушілер саны күн сайын артуда. Қазақстандық делегаттар Испанияда елімізді таныстырып қана қоймай, өзге елдермен өзара әріптестік туралы келісімшарт жасасуда

 

Мадридтегі көрмеден кейін елімізге келер туристердің саны артатыны сөзсіз. Қазақстандық туристік операторлар да бұл мәліметті растап отыр. Тіпті, бірнеше елдің туристік қызметтерімен болашақта байланыс орнату мүмкіндігі туды. Бүгінде олармен өзара әріптестік туралы келісімшарттарға қол қойылған. Вадимжан Хайбуллин, туристік агенттік директоры (Алматы): — Үш күн ішінде Испания туристік операторларының тарапынан 20 шақты ұсыныс түсті. Біздің жұмысымыз болашақта өз жемісін береді. Біздің компания туристерді шетелдерден қарсы алады. Осы орайда испандықтар өз туристерін Қазақстанға жіберіп отырғысы келеді. Туристер үшін елімізге келу қиын емес. Шетелдіктер қазақстандағы демалыс қалтаға салмақ түсіретіндігін айтады. Барып-қайту билеттерінің құны мен біздегі мейманханалар қызметі арзан емесі рас. Инна Рей, туристік агенттік директоры (Астана): — Біз тұтынушының орташа жағдайына сүйене отырып жұмыс істеуіміз қажет. Алайда туристің ұшақпен барып-қайту жолын есептегенде, біздің қызметіміздің табыссыз әрі нәтижесіз болғанын түсінеміз. Индустрия комитеті бұл қолайсыздықтардан хабардар. Сондықтан олар сыртқы және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жұмыс жоспарын әзірлеп жатыр. Марат Ирғалиев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы: — Біздің атқарар жұмысымыз әлі көп. Біртіндеп мәселелердің шешімдерін табамыз. Мәселен, биыл Қазақстан туризмінің тұжырымдамасы қабылданады. Бұл құжатта саладағы көптеген мәселелі шешудің амалдары көрсетілмек

 

http://baq.kz/kk/news/42664

Рубрика: