Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен тілі оқыту мақсатында 2009 жылғы сәуірде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Моңғолия мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Осыған орай, Моңғолия мемлекеттік  университетінде  қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ашу жөнінде шешім қабылданды. 2010-2011 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнында «Қазақ тілі мен ел тану» оқу бағдарламасы ашылған еді. Аталмыш бағдарлама бойынша 15 студентті оқыту жоспарланған болатын. Алайда уақыттың тығыздығына және абитуриенттердің хабардар болмауына байланысты қазірге дейін аталған оқу бағдарламасының жұмысы басталған жоқ. Бүгінгі таңда Елшілік Білім және ғылым министрлігі мен Моңғол мемлекеттік университеті өкілдерімен тиісті келіссөздерді жалғастыруда.

Бірақ 2001 жылдан бастап Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалында «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» пәні бойынша бакалавр оқыту жүргізілуде. Студенттер алғашқы екі курсын Өлгий қаласында оқып 3,4 курстарын Өскеменнен оқып бітіреді. Әр курста 1 сынып бар, онда 25 студент оқиды. Мұғалімдері Өскеменнен келеді. Сондай-ақ 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі жыл сайын Моңғолия азаматтары үшін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу мақсатындағы 25 білімдік грант бөлуде.

Сонымен қатар, Моңғолияның білім, мәдениет және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, тараптар бакалавриат, магистратура және доктарантура бағдарламалары бойынша оқыту мақсатында жыл сайын 5 адамға арналған оқу орындарымен алмасу жөнінде келісімге келген. Сондай-ақ Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгийде Ховд қаласының Университетінің филиалы ашылған. Аталған оқу орнында «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» пәні бойынша бакалавр оқытады. Әр курста 1 сынып, бір сыныпта орташа есеппен 20 студенттен оқиды. Оқу төлемі бір жылға 700 мың тугрик (412$). Оқытушы ретінде Қазақстанда бітірген жергілікті ұлты қазақ азаматтары жұмыс істеуде.

2013 жылғы 14-17 маусым аралығында Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсушілерді тестілеу өтті. Сынақты оқу орнының Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры С.Оразалин бастаған жұмыс тобы қабылдады. Емтиханға 103үміткер қатысты. Сынақты өткізу жұмыстарына Елшілік тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Ховд аймағында – 1, Баян-Өлгей аймағында 40 қазақ мектебі бар. Ховд аймағының мектебінде 1-11 сыныптарда – 361, Баян-Өлгейде – 23 255, барлығы – 23 616 бала оқиды.

Қазіргі таңда, 2010 жылғы санақ бойынша, Моңғолиядағы қазақтардың саны 100 мыңнан  асып отыр. Сан жағынан қазақтардың басым көпшілігі Баян-Өлгей аймағында шоғырланған. Шамамен 80 мың адам, Ховд аймағында – 10 мыңға, Ұлан-Батырда – 15 мыңға жуық (студенттер мен Налайх ауданын қосқанда), ал болмыш елдің басқа аймақтарында шамамен 5 мыңдай қазақтар тұрады.

Дайындаған Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

http://www.aikyn.kz/articles/view/44885

Рубрика: