Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 26 ақпан. Baq.kz – Қазақтың белгілі режиссері Ермек Тұрсынов келешекте Қазақстаннан кетуі мүмкін. «Мен зейнеткерлік жасына жеткенде бұл елде қалуды жоспарлап отырған жоқпын», — деген ол Мегополис газетіне берген сұхбатында. Өйткені оған бұл елдің қарияларға деген көзқарасы ұнамайтынын айтқан.

 

Ермек Тұрсыновтың есімі қазақ қоғамында «Келін» фильмінен соң кеңінен танымал болғаны анық. Бұл картина қоғамда айтарлықтай дүрбелең туғызды. Кино саласының кейбір мамандары «бұл тың дүние» десе, көрерменнің көпшілігі «тәлім-тәрбиеге қайшы» деп бағалады. Бұл фильм «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Алайда, ақтық айналымнан өте алмады.
Ермек Тұрсынов былтырғы жылы түсірген «Шал» фильмі де қазақ қоғамында ең көп талқыланған туындының бірі. Көрерменнің бір парасы «ойлы фильм» деп бағалаған картинаны екінші бір топ «Тәңіршілдікті насихаттады» деп жерден алып жерге салды.

 
http://baq.kz/news/23814

Рубрика: