АЛТЫНОРДА
Новости

«Шал» фильмі «Оскарға» ұсынылды

e611d838f86cbebcfd1e42499029fdfaЕрмек Тұрсыновтың «Шал» драмасы 2014 жылғы «Оскар» сыйлығына қатысуға ұсынылды. Бұл туралы Қазақстандағы Оскар комиссиясының төрағасы Сатыбалды Нарымбетов хабарлаған.

Жақындаға ғана Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің XXII «Киношок-2013» ашық кино фестивалінде «Шал» Гран-при жүлдесін иеленіп, басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов «Үздік еркек рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын.

Кинокартина 2012 жылдың 11 қазанында Қазақстан көрермендеріне жол тартып, отандық прокатта 90 миллион теңге көлемінде касса жинаған.

Былтыр «Құлагер-2012» байқауында «Шал» кинотуындысы «Ең үздік көркем фильм» аталымын жеңіп алып, «Ең үздік еркек рөлі» аталымы бойынша осы фильмде басты кейіпкерді ойнаған Ерболат Тоғызақов марапатталған еді.

 

Дереккөз: Казахстанская правда, Галия Шимырбаева