Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

зхжхжэXI Халықаралық «Шәкен Жұлдыздары — 2013» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша қорытынды төмендегідей:

Жас кинематографшылардың бас жүлдесіне иран режисері Панахбарход Резаидың «Қызы…әкесі…қызы» («Дочь…отец…дочь») кинокартинасы ие болды.

«Шәкен Жұлдыздары — 2013» кинофестивалі Дирекциясының жүлдесі қазақстандық режисер Мірғалым Есіркеповке «Жоғарыға үш қадам» («Три шага вверх») кинокартинасы үшін табысталды.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі Айнұр Исмаиловаға «Көке» («Отец») кинофильмі үшін табысталды.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының арнайы жүлдесі Әлия Мұстафинаға бұйырды. Осы арқылы оған «Қазақфильм» киностудиясының жетекшілігімен қысқаметражды туынды түсіруге жол ашылды.

«Үздік фильм» атағы жапон режисері Тацуо Ямамотоның «Камихате тауындағы дүңгіршек» («Магазинчик на горе Камихате») кинокартинасына берілді.

«Үздік студенттік жұмыс» деп режисер Базир Сираттың «Кішкентай Ауғанстан» («Маленький Афганистан») кинофильмі танылды.

«Үздік анимациялық фильм» деп ресейлік кинорежисер Антон Дьяковтың «Костя» кинофильмі танылды.

«Үздік  қысқаметражды фильм» деп Родион Исмаиловтың «Менің жұртым» («Моя родня») атты Ресей мен Әзірбайжан еліне ортақ кинолентасы танылды.

Қазылар алқасының құрамында Жан Руа, үндістандық актер әрі режиссер Джавед Джафри және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай болды.

Жыл сайын әділ-қазылар құрамына отандық және шетелдік кино саласындағы танымал тұлғалар қабылданады. Осы уақытқа дейін бұл құрамда Александр Митта, Лейла Аранышева, Ханс-Йохим Шлегель, Наталья Аринбасаровалар болған еді.

«Шәкен Жұлдыздары — 2013» кинофестиваліне келген құрметті қонақтардың ішінен ұлыбританиялық режисер Питер Гринуэй, АҚШ киносының жұлдызы Майкл Мэдсен, польшалық актриса Барбара Брыльска, ресейлік режисер Егор Кончаловский, ресейлік жазушы-сықақшы Михаил Задорнов, француздық актриса Мишель Мерсье және тағы да басқа өнер жұлдыздарын байқауға болады. 

Байқауға қатысқысы келетінін білдіріп, іріктеу комиссиясына әлемнің 31 елінен 450-ден аса өтініш түскен. Бірақ байқауға солардың ішінен 54 кинофильм таңдалған. Қазақстан кинобайқауда сегіз кинокартинаны ұсынды. Олардың ішінде Айнұр Исмаилованың «Әкесі», Бауыржан Жаханұлының «Кім кінәлісі» мен Мұрат Біләлұлының «Суретшісі» бар.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: season.kz

 

http://massaget.kz/madeniet/kino/11181

Рубрика: