Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

серикНеліктен Кәрім Мәсімов премьерлікке қайтарылды? Бұл сұрақ жауап іздеп, бас қатырудың қажеті шамалы– қайта оралған Министрлер кабинеті ескі басшысының еңбек жолына көз салсаңыз жеткілікті.

Кәрім Мәсімов 2007–2008 жылдары, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ол кезде қазақстандық премьердің алдында әлемдік қаржы қорлары дамуы мүмкін деген үш сценарийі жатты. А, В және С сценарийлері.

Сөйтіп, үкімет әр уақытта болатын оқиғаның алдын алу мүмкіндіген ие болып, дағдарысқа дейін халықаралық ұйымдардан несие алуда өзін өзі шектемеген еліміздің банк жүйесінің күйреуіне жол бермей, аман алып қалуға тырысты. Қазақстан эконимикасына 2007–2008 жылдардағы дағдарыс құрсауы ауыр болса да, ол көрші Ресей сияқты соншалықты зардапқа ұшыраған жоқ. Шындап келгенде, бұл жеңіске пара пар болды. Әрине, сол кездегі ауыр ахуал кезінде жеңіс туралы сөз қозғаудың өзі артық еді.                                             Сөйтіп, Кәрім Мәсімов өзін дағдарыс менеджері ретінде көрсете білді. Оның үстіне, ол Серік Ахметов сияқты өндірісші емес, қаржыгер.

Ағымдағы ахуалдың жағымды және келеңсіз жақтары туралы

Міне, бүгін қайтадан алдымызда Қазақстанға ауыр соққы болып тиуі мүмкін деген жаңа қаржылай қиындық туындап отыр. Ресей бүкіл әлем қауымдастығы алдында ешқандай себепсіз Қырымды басып алды. Сөйтіп, бұған дейін әлемдік  полицей  державасының ролін атқарып келген АҚШ бастаған әлемдік қауымдастыққа доң көрсетіп, «маған не істейсің» деген сыңай танытты.

Әрине, полицейлерге әркім әр қалай қарайды, біреулер оларды жылы қабылдаса, енді біреулер жақтыртпай жатады, дегенмен тапсырылған аумақтағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету солардың ғана қолынан келеді. Әйтпесе, бейберекетсіздік орын алып, қарақшылар мен тонаушы-басбұзарлар заңды сыйлайтын, соған мойынұсынатын қарапайым азаматтардың басына шығатын болады.

Осындай ойды мемлекеттерге қатысты да айтуға болады. Әлемдік жандарм болып саналатын мемлекетпен қатар өмір сұру оңай емес, бірақ ондай жандармсыз өмір сүру одан да қиын. Ол болмаса, Саддам Хусейндер мен Муаммар Каддафилер қаптап, жаңа қарақша-мемлекеттер қатары көбейе түседі.

Бұл жерде қай мемлекетті біз қарақшы елдердің қатарына, ал қай елді жақсы мемлекеттер санатын жатқызатынымызды түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар.

Бірақ мәселенің мәнісі келесіде, егер энергия тасымалдаушы шикізаттардың бағасы төмендеп кетсе, Еуропа елдері мен АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізіп отырған санкцияларынан Қазақстан да жанама зардап шегуі мүмкін.

Ал екінші жағынан, біздің іргемізде ресейлік «Искандер» зымырандары бой көтере бастады. Ресейлік тараптың мәлімдеуінше, бұл Қазақстанда ваххабиттердің пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шарасы көрінеді.

Алайда ертең Кремль басшылары кімді ваххабиттердің қатарына жатқызатынын кім біледі? Ертең олардың санатына президент бастаған бүкіл қазақ халқының кіріп кетуі ғажап емес. Ондай жағдай жақында ғана Украинада орын алды емес пе. Бір күннің ішінде бүкіл украин халқы бандеровшылар болып шыға келді..

Міне,осы кезде бізге Кәрім Мәсімовтың дағдарыс–менежджері ретіндегі таланты қажет болады. Бізге осы жағдайдан алыстағы азулы Американы ашуландырмай және жанымыздағы айбарлы орыс аюының қаһарын оятпай шыққан жөн.

Қысқасы, мұндай жағдайда нөсерлі жаңбырдан үстіне бір тамшы су тигізбей, құрғақ шығуға қабілетті өзіміздің Анастас Микоянымыз болғаны абзал.

Саясат және жағрафия туралы

Ағымдағы саяси ахуалдың путиндік Ресей үшін тағы бір келеңсіздігі, Батыстың қолы юайлаулы емес. Олар қазір Ресейге қарсы түрлі санкциялар ойлап шығара береді. Ал Қырымды уақытша басып алған Кремль саяси цейтнотқа тап болды.

Ендеше, Мәскеудің «аузына қарап отырсақ», бізде қаржылық және экономикалық санкцияларға тап боламыз.

Тағы бір назар аударарлық жәйт, ЕО басшыларының саммитіне Қытай басшылары арнайы шақырылып, оның барысында Германия канцлері Ангела Меркель ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге салтанатты түрде сонау 1773 жылы неміс картографтары салған  «Аспанасты елінің дәлденген» раритеттік картасын сыйға тартты. Онда бүгін Ресейге қарасты Сібір жерлері сол тарихи кезеңдегі тиісті шекаралармен Қытайдың ежелгі аумағы ретінде боялған. Әлбетте, бұл да біраз нәрсені меңзейді.

Саммит барысында ЕО Қытайға тиімді шарттар ұсынып, РФ қарсы экономикалық блокада жариялаған батыс елдерінің коалициясын қолдауға шақырды. Қытай бұл ұсынысты қабылдаған көрінеді.

Аспанасты елінің Қазақстан экономикасына ықпалы орасан екені айтпаса да түсінікті. Ал біздің стратегиялық серіктесіміз Ресей әлсіреген сәтте бұл ықпал күрт арта түседі. Қазақстан мен Қытай бірлескен «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасын қабылдаған,осы бағдарламаға сәйкес, аграрлық секторда, туристік және көлік–логистикалық салаларда, электроэнергетикада, машина құрылысында, мұнай химиясындағы серіктестігіміз артып келеді. Қысқасы, Қытай біз үшін елімізді бүгінгі кремльдік басшылардың Украинаға қатысты ойланбай жасаған әрекеттерінен бастау болған әлемдік саяси дағдарыс құрсауынан алып шғуға қабілетті экономикалық локомотив болып табылады.

Осы орайда, кезінде Пекиндегі мәдениет және тілдер университетін үздік бітірген, қытайлықтардың ділін жақсы білетін, әрі түсінетін Кәрім Мәсімов қазақтарға жақсы қызмет көрсетуі мүмкін.

Аударған Қайрат Матреков

Рубрика: