Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 22 сәуір. Baq.kz — 25-26 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Беларусь Республикасына ресми сапары өтеді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Беларусь елінің жоғарғы басшылығымен өтетін келіссөздерде Қазақтан Премьер-министрі екіжақты сауда-экономикалық мәселелерін, көлік тасымалы, өндіріс, ауыл шаруашылығы, спорт, білім және ғылым саласындағы қазақстан-беларусь ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылайды», — деді ОҚК ресми өкілі А.Әбибуллаев.
ОҚК ресми өкілі сондай-ақ, 25 сәуірде Премьер-министрдің Бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысына сапар жасайтынын хабарлады. Сондай-ақ Вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің Қарағанды облысына сапары жоспарланып отыр. Онда өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланады.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
http://www.baq.kz/kk/news/26814

Рубрика: