Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер аймақтың мәртебесі туралы «референдумда» дауыс бергендердің 89.7 пайызға жуығы «өзін-өзі басқаруды қолдап дауыс бергенін» хабарлады. Ресейшіл белсенділердің сөзінше, 11 мамыр күні өткен дауыс беруге сайлаушылардың 75 пайызы қатысқан.

Жексенбі, 11 мамыр күні Луганск облысында да дәл осындай «референдум» өткен. Бірақ оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ. Екі облыстағы «референдумға» да бір де бір халықаралық бақылаушы қатыспады.

Донецк облысындағы бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин «енді жеке үкімет пен әскери құрылым құру қажет» деп айтты. Өзін-өзі Донецкінің «халық губернаторы» деп жариялаған Павел Губарев ресейлік телеарнаға «референдум» Украинаның шығысында «Жаңа Ресей» мемлекетін құрудың алғашқы қадамы ғана екенін айтқан.

Донецк мен Луганск облыстарындағы «референдум» қорытындысын Украина билігі мен батыс елдері заңсыз деп танып, қолдаған жоқ.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140512/330/330.html?id=25381107

Рубрика: