АЛТЫНОРДА
Новости

Сепаратистер мобилизация жоспарын мәлімдеді

Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер жетекшісі Александр Захарченко бүгін өздері бақылайтын аймақтардан 100 мың адамды мобилизациялау жоспары барын мәлімдеді. Оның сөзінше, Донецк облысының сепаратистер бақылайтын аймақтарында мобилизация 11 күннен кейін басталмақ.

Өткен айда Украина парламенті биыл қарулы күштер қатарына 100 мың сарбазды мобилизациялау жоспарын мақұлдаған.

Шығыс Украинада соғысып жатқан украин әскері соңғы тәулікте Донецк және Луганск облыстарында бес сарбазы қаза тапқанын хабарлаған. Сепаратистер украин әскерилерінің атқылауынан 11 бейбіт тұрғын қаза тапты деп мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/