Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан халқы ассамблеясының елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысын қолдауды және сайлау мерзімін белгілеуді сұрап, үндеу жолдады.

Үндеуді оқыған сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар Қазақстан халқы ассамблеясы бастамасын «толық қолдайтынын» айтты.

— Уақыттың өзі талап етіп отырған бастама халық қолдауына ие болып, Қазақстан қоғамы мұны құптап, үн қата бастады, — деді Тоқаев.

18 ақпан күні мәжіліс депутаттары Назарбаевтан елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді қолдауды сұраған.

Өткен сенбіде Астанада өткен кеңесінде Қазақстан халқы ассамблеясы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. Ассамблея мүшелерінің қазақстандықтарға арнаған үндеуінде «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлемдік сынақтан аман алып шығуы үшін жалпы халық болып жаңа өкілеттік беру қажет» делінген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26857437

Рубрика: